Шетелдіктермен сөйлесуге арналған ең ыңғайлы 5 қосымша

Шетелдіктермен сөйлесуге арналған ең ыңғайлы 5 қосымша
Фото: envato.com

Грамматика мен лексиканы жаттықтырудың ең тиімді әрі жылдам жолы —  шетелдіктермен тілдесу. Бірақ бетпе-бет сөйлесу мүмкіндігі екінің бірінде бола бермейді. Әлеуметтік желілер мен қосымшалар дәуірінде оның шешімін табуға болады. Назарға қызықты 5 қосымшаны ұсынамыз.

1. HelloTalk: Оқу материалдары бар әлеуметтік желі
Рейтинг  4,8.
iOS, Android 
Жұмыс принципі. HelloTalk  — әлеуметтік желі. Мұнда басқа адамдардың жазбаларына пікір қалдырып, қолданушының өзі де жазбамен бөлісе алады.. Өзге адамдарды достар қатарына қосып, суреттер мен сыйлықтармен жіберуге болады.
Қосымша ерекшелігі. Мұнда оқу, тыңдау, сөздерді жаттықтыру үшін "Оқу материалдары" деп аталатын бөлім бар. Бұл жерде түрлі тақырыпта білімді шыңдап, кейін оны талқыға сала алады. 

2.Slowly: кейінге шегеру арқылы хат алмасу
Рейтинг4,6.
iOS, Android.
Жұмыс принципі. Қосымша пошта әлеміне саяхаттауға мүмкіндік береді. Байланыстағы адам неғұрлым алыс болса, хат соғұрлым ұзақ жүреді. Соның әсерінен адам  хабарламаны асыға күтеді.
Қосымша ерекшелігі. Қосымшада геймификация элементі бар: қолданушы әртүрлі елдердің өкілдерімен сөйлескен сайын түрлі маркалар жинағын жинай алады.

3. Tandem: жақын жерде шетелдіктерді іздеу
Рейтинг 4,5.
iOS, Android.
Жұмыс принципі. Қолданбаны жасаушылар оны оқыту ресурсы ретінде  жасаған. Тіркеу кезінде алдымен сауалнаманы толтырып, өтінімнің мақұлдануын күту керек. Егер пайдаланушы спам жасаса, күдікті сілтемелер жіберсе немесе романтикалық серіктес іздесе, олар блокталады.
Қосымша ерекшелігі. Қосымшаға ақы төлеп, қолданушы ағылшын тілінен тест тапсыра алады. Сертификат оқу немесе жұмыс үшін пайдалы болады, сонымен қатар қолданушы өз деңгейін профильде көрсетіп оқушы не оқытушы таба алады.

4. Lingbe: шетелдікке қоңырау шалу
Рейтинг 4,5.
iOS, Android.
Жұмыс принципі. Қолданба қоңырауларға негізделген және ағылшын тілінде сөйлеуді жаттықтырады. Егер қосымшаға кіріп, "желіде" күйін қосқан жағдайда, түрлі қосымша қолданушылары қоңырау шала бастайды.  Байланыс үшін қосымша валютасында төлем жасалуы керек. Ақыны табу үшін тапсырмаларды орындап не және басқа пайдаланушыларға көмектуге болады.
Қосымша ерекшелігі. Қосымшадан орыстілді аудиторияны сирек кездестіресіз. Ағылшын тілін жылдам үйренуге көмектеседі.  

5. Speaky: қызығушылық бойынша сұхбаттасушы таңдау
Рейтинг  3,6.
iOS, Android.
Жұмыс принципі. Қосымша бір ғана функцисы бар: бұл жерде тек хат алмаса алады. Қосымша оқып жүргендерден гөрі, тілді жақы меңгерген адамдарға арналған. Мұнда қосымшаға кіріктірілген аудармашы мен кеңестер жоқ.
Қосымша ерекшелігі. Барлық қосымшалардың ішінде Speaky ең қарапайым және минималистік интерфейске ие. Қосымшаның тек үш бөлімі бар: сұхбаттаушыны іздеу, чаттар және жеке профиль.

Т. Есқали