Селфиге сапалы түсіретін 5 смартфон

Түрлі құрылғылардың камераларын жан-жақты сынақтан өткізетін DxOMark сарапшылары селфи-камералары үздік смартфондардың рейтингін жасады. Үздіктерді анықтау үшін сарапшылар 2019 жылы актуал болатын 13 смартфонды іріктеп алып, 1500-ден аса сурет, 2 сағаттан аса видео түсірген.

Рейтинг лидерлері: 

1. Google Pixel 3 (92 балл)
2. Samsung Galaxy Note 9 (92 балл)
3. Xiaomi – Mi Mix 3 (84 балл)
4. Apple iPhone XS Max (82 балл)
5. Galaxy S9+ (81 балл)

©dxomark.com

Сарапшылар тәжірибесі бойынша, үздік шыққан Google Pixel 3 смартфонының фронтал камерасы селфи-фото үшін ең сапалы детализация жасайды екен. Ал Galaxy Note 9 артық шусыз тұнық фото жасайды, бірақ детализацияға аса бейім емес.