- Негізгі бет
- Техно
- Селфиге сапалы түсіретін...
Селфиге сапалы түсіретін 5 смартфон
Фото:
nasa.gov
Түрлі құрылғылардың камераларын жан-жақты сынақтан өткізетін DxOMark сарапшылары селфи-камералары үздік смартфондардың рейтингін жасады. Үздіктерді анықтау үшін сарапшылар 2019 жылы актуал болатын 13 смартфонды іріктеп алып, 1500-ден аса сурет, 2 сағаттан аса видео түсірген.
Рейтинг лидерлері:
1. Google Pixel 3 (92 балл)
2. Samsung Galaxy Note 9 (92 балл)
3. Xiaomi – Mi Mix 3 (84 балл)
4. Apple iPhone XS Max (82 балл)
5. Galaxy S9+ (81 балл)
©dxomark.com
Сарапшылар тәжірибесі бойынша, үздік шыққан Google Pixel 3 смартфонының фронтал камерасы селфи-фото үшін ең сапалы детализация жасайды екен. Ал Galaxy Note 9 артық шусыз тұнық фото жасайды, бірақ детализацияға аса бейім емес.
Massaget.kz