Мессенджерлерде аудио хабарламалар функциясы қосылғанда қолданушылардың басым бөлігі қуанған болатын: уақыт үнемдеп, ұзақ уақыт әңгіме айтуға болады. Кейін ұзақ дыбысты хабарламалар мазаны алып, ашуға тиетіні белгілі болды. Бүгін қандай жағдайда аудио жіберу және қай уақытта мәтінді хабарлама жіберу керегін айтатын боламыз.
Қандай жағдайда аудиодан шектелген жөн?
• Алдымен хабарлама жібергелі отырған адамға және оның қай жерде отырғанына назар аударыңыз. Егер адресаттың жұмыс бойынша кездесуге кеткенін білсеңіз, бірінен соң бірі 10 аудио жіберу дұрыс емес.
• Әңгімелесушінің уақытын үнемдеңіз. Аудио жібермес бұрын ақпараттың қаншалықты құнды екенін ескеріңіз. Өйткені, аудио хабарламаны тыңдау үшін өзге ісін ысырып қойып, әңгімеге қосылуы шарт.
• Бизнес туралы талқылау үшін аудио хабарлама қолдану — ең орынсыз шешім. Әсіресе серіктесіңізбен әлі кездесіп үлгермеген болсаңыз. Әрине, аудио жазып, жіберу — ыңғайлы. Ал хабалама алушы өзін туралы сезінетініне күмәніміз бар. Салмақты тақырыптарды жазбаша талқылау керек. Сол кезде ғана егжей-тегжей ақпарат алмаса аласыз.
• Шұғыл жаңалыққа да аудио қолданбаған жөн. Әдетте хат алушы аудио хабарламаларды кейінге (бос уақытына) қалдырып қояды. Маңызды әрі шұғыл шаруалар туындай қалса, қоңырау шалғаныңыз жөн.
Аудио хабарламаларды қандай жағдай жіберген жөн?
• Дыбыстық хабарлама — түрлі сағаттық белдеуде тұратын адамдарға таптырмас көмекші. Олар қоңырауды алмастырып, байланысты сақтап қалуға көмектеседі.
• Егер хабарлама алушы алдымен аудио жіберсе, сізде дыбыстық хабарлама жібере аласыз. Әдетте сол арқылы адам өзінің тыңдауға мүмкіндігі барын көрсетеді. Егер адресат бірден мәтінге ауысып кетсе, сіз де мәтін хабарлама жіберіңіз.
• Мәселені бір ғана сұрақ арқылы шешуге болады: "Аудио хабарлама арқылы хабар алмассақ бола ма?" Келіссе ғана дыбыстық хабарлама жібере аласыз. Бірақ, аудио хат алушының емес, сіздің ғана уақытыңызды үнемдейтінін ұмытпағайсыз.
• Әңгімеңіз мәтін ретінде тым ұзақ болса дыбыстық хабарлама жіберіңіз. Егер оқиғаны мәтін ретінде жеткізу қиын екенін, ал досыңыз егжей-тегжей хабардар болу керегін түсінсеңіз, аудио хабарлама жіберуге болады.