Кейде адамдар сағаттарды ойлап таппағанда бүгінгідей реттілікке қалай жететін едік депойлаймын. Сағаттардың арқасында уақытты реттеп үйрендік. Дүниедегі тәртіп пайда болды. Бұрын ауылда сақманда жүргенде, қарнымыз ашқанда немесе үйге қайтқымыз келген кезде уақытты жерге домалақ сызып, ортасына ши қойып есептейтінбіз. Дәл уақытты анықтамасақ та шамалайтынбыз. Бұлайша есептеу адам генінің кодына тумай жатып жазылып қоятын сияқты. Себебі осыдан үш жарым мың жыл алдыңғы, алғашқы сағаттар осы күнгідей сағат болыпты. Қазақ уақытты өзінше есептеген, көзді-ашып жұмғанша шамамен 1 секунд, сүт пісірім уақыт 15 минут, бие сауым уақыт 1 сағат, сәске түс, ұлы түс т.б. Түнде уақытты жұлдыздарға қарап, әтештің шақырған кезімен анықтаған. Назарларларыңызға сағаттың шығу тарихы мен түрлерін ұсынамыз. Күн сағаты Гномон 3,5 мың жыл бұрын Вавилондықтаркүн сағаты Гномонды қолданысқа енгізді. Қиғаш шеңбер тас ортасына жіңішке ағашты орнату арқылы уақытты біліп отырды. Бірақ күн сағатының кемшілігі уақытты Вавилондықтар тек, күндіз ғана есептеді, оған бұлтты күндері күннің болмай қалуындағы қиындықтарды қосыңыз. От сағаты От сағаты ежелгі қытайда пайда болды. От сағат ауа райы және күнге тәуелсіз болғандықтан күн сағатына қарағанда біраз қолайлы еді. Тіпті қытайлықтар от сағатын оятқыш ретінде де пайдаланған. Шамның межеленген жеріне темір шарларды жіппен байлап қоятын болған. Белгіленген жеріне дейін жанып келген шаммен бірге жіп те өртеніп, темір шар төмендегі темір ыдысқа түсіп, қатты дыбыс беретін болған екен. Су сағаты Клепсидра Алғашқы су сағаттарының отаны Египет. Александрия қаласында су сағаттар жасайтын өнеркәсіп өте жақсы дамыған. Су сағатын Клепсидра яғни су ұрлаушы деп атаған. Су сағаты күн сағатынан қолайлы, от сағатынан да уақытты дәлірек көрсететін болған. Механизмі қарапайым, бір ыдыстағы су екінші ыдысқа ақырындап құйылып отырған. Құм сағаты Құм сағаты туралы алғашқы деректер Париж қаласынан табылды. Құм сағатты теңізде де көп пайдаланған. 30 секундтық кеменің жылдамдығын білдіретін не 4 сағаттық бір вахтаның уақытын білдіретін құм сағаттар жиірек қолданылған. Еуропада құм сағаттар 3 сағат не 1 сағаттық уақытты көрсететін болыпты. Қазіргі күнде құм сағаттар медицинада кейбір дәрігерлік рәсімдерді өткізу үшін ғана пайдаланады. Құм сағаттарды сувенир ретінде де сатып алуыңызға болады. Мұнара сағаты Алғашқы механикалық сағаттар XIV ғасырда пайда бола бастады. 1404 жылы алғаш рет Мәскеудегі мұнараға сағат қойылды. Арада 1 ғасыр өтіп6 механикалық сағаттар жаппай сатылымға шыға бастады. Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 маятникті ойлап тапты, мұнымен уақыттың дәлдігі арта түсті. Электронды сағаттар Алғаш электронды сағаттар деген сөз 1952 жылы газет беттерінде бой көрсете бастайды. Француздың Лип-Безансон (Leap Besancon) және америкалық Elgin Watch Company фирмалары электронды сағат шығарамыз деп баспасөз беттерінде әлемнен сүйінші сұрайды. Бірақ, алғашқы электронды сағаттарды арада жеті жыл өткенде Гамильтон (Hamilton) атты фирма шығара бастады.