Роботтардың спорттық қабілеттері жетіліп келеді

Boston Dynamics компаниясының Atlas аталатын адамға ұқсас роботы сальто жасай алатын болды. Оның өзге де спорттық қабілеттері жуырда ғана өткен презентацияда жұртшылыққа жария етілді.

Atlas — антропоморфты робот. Ол негізгі міндеті — арнайы белгіленген аралықта жүру. Робот өзінің екі аяғымен оған тапсырылған жүкті керекті жерге тасымалдайды.

Роботтардың қасиеттерін арттыру жұмыстары дәл осындай қарқынмен жүретін болса, болашақта олардың Олимпиада ойындарына қатыспайтынына кім кепіл?!