Робот үй мысығын қалайсыз ба?

Робот үй мысығын қалайсыз ба?
Фото: lifehacker.ru

Жапондардың гаджет пен роботтарға деген ессіз құштарлығы кейде адам айтса сенгісіз жаңа технологиялардың тууына себепші болады. Жақында ғана қолданысқа енгізген Qoobo робот-мысық осының айқын дәлелі болмақ.

Үй жануарының электронды көшірмесі оның тек терапевті эффектісін ғана жеткізеді. Ол жұмсақ әрі құйрықты жастыққа ұқсайды. Егер оны қолға алып, сипай бастасаңыз, ол да сізге еркелейді. Яғни, шынайы мысықтар сияқты құйрығын қозғалтады.

фвв

Qoobo құрастырушылары оны жасамас бұрын үй жануарларын зерттеген. Олардың іс-қимылдарына, иесімен қарым-қатынас жасау жолына аса мән берген. Бұл жастықты ұзақ уақыт пайдаланбаса, ол құйрығың үздіксіз қозғалта береді.

Бұл гаджет аллергиямен қиналып жүргендерге, сонымен қатар белгілі бір себептермен үй жануарын асырай алмай жүргендерге таптырмас құрылғы. Онымен серуендудің, оны тамақтандырудың керегі жоқ. Бар болғаны күніне бір рет қуаттандырып қойсаңыз болғаны.

Т. Есқали