Робот Федор ғарышта қиын жағдайға тап болды

Бортында робот Федор болған Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз МС-14" кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) белгіленген уақытта түйісе алмады.

Пилотсыз кеме ХҒС-пен екі тәулік өткеннен кейін түйіседі деп  жоспарланған, дайындық сәті мен түйісу процесі тікелей эфирден көрсетілді. Бірақ, 24 тамызда түйісу техникалық себептерге байланысты кеме ХҒС-пен автоматты режімде өткен жоқ.

Кемеде тоғысу кезінде Халықаралық ғарыш стансасында орнатылған құрылғыдан ақау шықты. Ол қауіпсіз жанасуға және шлюздеуге жауап береді. Осыған байланысты, Ұшуды басқару орталығы ХҒС және орбитада жұмыс істеп жатқан экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кемені қауіпсіз қашықтыққа алып кету туралы шешім қабылданды.

"Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары "Союз МС-14" кемесін қайты тоғыстыру нұсқасын ұсынды. Мемлекеттік комиссия шешімі бойынша, 2019 жылдың 26 тамызында "Союз МС-13" кемесін ХҒС Ресей сегментіндегі "Поиск" кіші зерттеу модулінде "Звезда" қызметтік модулімен қайта түйістіру жоспарланып отыр.

Бұл операция "Звезда" қызметтік модулінің түйістіру түйінін босату мақсатында жүргізілмек. Ол 2019 жылдың 27 тамызында Мәскеу уақытымен 06:12-де "Союз МС-14" кемесімен тоғысуы тиіс, деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметі.

Жексенбі, 25 тамызда экипаж Халықаралық ғарыш станциясының бортында "Союз МС-13" ғарыш кемесін алдағы қайта тоғыстыруға және қайта іске қосуға дайындық өткізеді. Қазіргі уақытта "Союз МС-14" кемесі робот Федормен қайта түйісуді күтіп, Күнді айналып жүр. Жағдай қиын, бірақ бақылауда, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметінен.

inform.kz