Apple корпорациясының барлық өнімі сияқты смартфондары да өте сапалы. Бірақ олардың ішінде де ақауы бар телефондар көптеп кездеседі. Осы сияқты гаджеттерін қайтарып қалған компания оларды қайта жөндеуден өткізіп тағы да нарыққа шығарып, сатуға қояды. Бір қарағанда жап-жаңа телефондай көрінген құрылғыны сатып аласыз. Егер ол жаңа болса 2-3 жыл игілігіңізге жарайды деген сөз. Егер қайта қалпына келтірілген смартфон болса... Барлық мәселе сатып алғаннан кейін басталады. Телефонның қызып кетуі, қайта-қайта өшіп қалуы, бір бағдарламаны орындау кезіндегі ұзақ күтулер, интернетпен байланысты т. б. мәселелер туындай бастайды. Бірақ технология дамыған заманда айфонның жаңа немесе қайта жөнделгенін анықтау қиын емес. Бүгін біз сіздерге мұның ең оңай жолын көрсетеміз. 1-қадам. Телефондағы баптаулар менюіндегі Негізгісіне одан кейін бұл құрылғы туралы бөліміне кіресіз. (Настройки Основные Об этом устройстве). 2-қадам. Беттің төменгі жағындағы Модель бөліміне түсесіз және ол жерден модель нөмірін көресіз. 3-қадам. Міне осы жердегі модель нөмірінің бірінші әрібіне назарыңызды аударасыз. Бұл мынандай белгілер болып есептеледі: M су жаңа iPhone.F қайта жөнделген айфон.N өндіріс кезіндегі қате себепті Apple-ге қайтарылып, қайта қалпына келтіріліп шығарылған iPhone. Бұл да ресми түрде қайта жөнделген телефон тобына жатады.P Apple тарапынан арнайы қайталанбайтын гравировка (таңба) түсірілген iPhone. Айта кету керек, модель нөмірі ешқашан өзгертілмейді. Сондықтан қолыңыздағы немесе жаңадан сатып алмақшы болған iPhone-ның жоғарыдағы біз айтқан топтардың қайсысына жататынын біліп алғаныңыз абзал.