Дизайнер Артемий Лебедевтің студиясы жасанды интеллектіні пайдаланып, бір жыл бойы 20 шақты коммерциялық жоба жасаған. Осыған дейін нейрожүйе жасаған логотиптер қашықтан жұмыс істейтін дизайнердің жұмысы деп таныстырылып келген.
Жасанды интеллектіге ойдан шығарылған Николай Иронов деген ат берген.
Тіпті оның түрі де ойдан шығарылған. Нейрожүйе студиядағы барлық дизайнердің суретін араластырып, жиынтық портрет жасаған.
Клиенттер логотипті нейрожүйе жасағанын білмеген. Тіпті ол туралы студиядағы өзге дизайнерлер де білмей келген.
Николай Ироновтың портфолиосы мынадай:
Иронов көбіне экспресс-дизайн жасап келген. Экспресс-дизайн – клиенттің артық түзетуінсіз жасалатын бір реттік қызмет. Нейрожүйе жасаған жобалар миллиондаған аудиторияның көзайымына айналған. Кейбірі ерекше стилінің арқасында кеңірек танымал болды.
Нейрожүйе тапсырыс берген компания туралы ақпаратты өңдей алады, соған сай түс, стиль таңдап, толыққанды айдентика жасайды. Жасанды интеллект студияның бірнеше жыл бойы жиған мұрағаты негізінде өте күрделі алгоритмдерді пайдаланады екен, соның арқасында айрықша дизайн жасалады.
Студияның айтуынша, жасанды интеллект бірегей дүние жасайды және бұл эксперимент емес. Иронов коммерциялық тапсырмалардың орындай алады, тәулігіне 24 сағат жұмыс істей береді, ауырмайды, шығармашылық күйзеліске душар болмайды, жұмысты бірнеше секунд ішінде бітіреді және ең бастысы ерекше жоба жасайды.
"Ең прогрессив дизайнердің өзі өзге дизайнердің жақсы жұмысына, халықаралық премиялардың жюриіне, өз тәжірибесіне қарап бейімделеді. Ал жасанды интеллект ешкімге еліктемейді, бейімделмейді. Ол ешбір адамның ойына келмейтін дүние жасайды және шын мәнінде ерекше жоба жасауға қабілетті.
Бұл жаңалық шығармашылық процестердің автоматизациясының басталғанын көрсетеді", - делінген ресми жазбада.