Поштамен жіберілген хаттың оқылғанын қалай білуге болады?

Поштамен жіберілген хаттың оқылғанын қалай білуге болады?
Фото: freepik.com

Email жүйесінде мессенджерлердегідей жіберілген хаттың оқылған-оқылмағанын біле алмаймыз. Яғни екіжақты синхронизация жоқ. Бірақ оны Google-дың Streak атты қосымшасы арқылы орнатуға болады.

Streak – Gmail-ге арналған Google қосымшасы. Оны Chrome браузерге орнатып, келесі жіберілген хаттарды адресаттың қашан, қандай құрылғымен және қай мекен-жайдан (адресаттың конфиденциал баптауларына байланысты) оқығанын білуге болады.

Қосымша орнатылған сәттен бастап жіберілген хаттарды ғана көрсете алады.

Massaget.kz