Пластикті алмастырушылар да қауіпті болуы мүмкін

Пластикті алмастырушылар да қауіпті болуы мүмкін
Фото: CentrUpak

Адамзаттың ойлап тапқан пайдалы затының бірі пластик қазіргі таңда Жер ғаламшарының бас ауруына айналды. Жылына миллион тоннаға жуық пластик теңіз суына түсіп, қоршаған ортаға зиянын тигізеді екен.

Қазіргі уақытта әлемде пластиктен бас тартып, орнына биоыдыратқыштар мен компостталған орамдарды қолдануға шақыратын ұйымдардың саны артып келеді. Алайда қоршаған ортаға зияны жоқ деген компостталған орамдар пластиктен де қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбритания Қоршаған ортаны қорғау комитеті мәлімдеді.

Green Alliance экологиялық тобы пластикті алмастырушы заттарды зерттеп мынадай қорытындыға келген. Адамдар биоыдыратқыш материалдар мен компостталған орамдардың зиянсыз екенін біліп, оларды өте көп мөлшерде қолдана бастаған. Осы себепті қоқыстардың саны одан сайын көбейген. Ал мұндай текті қоқыстардың артуы өмірқышқыл газының ауаға көптеп бөлініп шығуына себеп болады. 

Комитеттің мәліметінше, биоыдырағыштан жасалған ыдыстар мен компостталған орамдар теңізге түссе, олар пластиктен де аз зиян келтірмейтін көрінеді.

 

А. Рысдәулет