Америкалық ғалымдар жарық жылдамдығынан да тез ұшу мүмкіндігіне ие варп-қозғалтқышы бар ғарыш кемелерді жасауға болатынын теориялық жағынан дәлелдеп берді. Ол үшін ғарыштың кеңеюіне түрткі болған қара энергиядан пайдалану керек екен. 34 беттен тұратын құжатта жазылуына қарағанда 2010 жылы-ақ бұл қозғалтқыштарды жасап шығаруға Пентагон бұйрық берген. Егер, құжатта айтылғаныдай жарық жылдамдығынан тез ұшатын кемелер жасалса ең жақын ғаламшарға 2 минутта, Юпитерге жарты сағатта, Непутунға 4 сағатта, күн жүйесінен шығып Альфа Центавр жұлдызына болса 15 күнде бара алатын боламыз. Бірақ, әлемнің танымал физиктері бұл өнертабысқа күмәнмен қарап жатыр. Калифорния технология университеті физигі Шон Кэрролл аталған жобаның жақын болашақта жүзеге асуы мүмкін еместігін айтады.