- Негізгі бет
- Техно
- Өзге тілді түсінуге...
Өзге тілді түсінуге мүмкіндік беретін құлақаспап
Фантастикалық фильмдерден әр әлемнің жандары әр түрлі тілде сөйлессе де керемет гаджеттер көмегімен бір-бірін түсініп жатқанын байқаймыз. Жаңа технологияның дамуымен бұл әрекет шынайы өмірде де іске асты. Оны Waverly Labs компаниясы жүзеге асырды. Бұл компания басқа мемлекеттен келген адамның тілін түсінуге мүмкіндік беретін құлақаспап прототипін жасады.
Жобаның негізін құрған Эндрю Очоа Франциядан келген қызбен кездейсоқ танысқан кезде осындай идея туған. Оның не айтып тұрғанының барлығын түсінсем ғой деп ойлаған. Келесі күні ол бірден шағын аудармашы құлақаспаппен жұмыс істеуді бастаған. Бұл гаджет смартфонмен байланысқан. Онда арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар.
Әрине, жүйе мінсіз жұмыс істемейді, аударма кезінде қателер кетуі мүмкін. Сонымен қатар, бағдарламалық жасақтамаға аудио ақпаратты аударып, оны басқа тілде айтуға аздап уақыт керек. Сондықтан, дыбыс қалып отырады. Бірақ жоғарыда айтылғандай қателіктері болса да, басқа елдің адамымен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Эндрю өз өнертабысын ары қарай жетілдірумен шұғылданып жатыр. Оны краудфандинг порталға салып, өндіріске қаражат іздейді.
А. Жапатова