- Негізгі бет
- Техно
- Оңтүстік Кореяда жаяу...
Оңтүстік Кореяда жаяу жүргіншілер телефон пайдалана алмайды
Оңтүстік Кореялық ұялы телефон инспекторлары жаяу жүргіншілердің телефондарын құлыптауға арналған бағдарлама әзірледі. Бұл бағдарлама жаяу жүргіншілерді жазатайым оқиғалардан қорғауға және олардың назарын қоршаған ортаға аударуға бағытталған.
Кибер қауіпсіздік аймағы деп аталатын ("Cyber Security Zone") бағдарламалық жасақтама смартфонды пайдаланушы бес қадам тастағаннан-ақ блоктауға кіріседі.
Комиссия мүшелері бұл жаңалықты "смартфон зомбилеріне қарсы күресу" деп атады.
Бұл типтегі адамдардың басым бөлігін смартфонға байланып қалған жасөспірімдер құрайды. Олар жаяу жүріп бара жатып көзін телефоннан алмағандығы себепті түрлі жол-көлік оқиғаларына ұшырап, жарақат алып жатады.
Оңтүстік Кореяның ішкі істер және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, соңғы бес жылда смартфонға арналған жарақат алу оқиғалары саны екі есеге өсті. Бұлардың 40 пайызы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер болып табылады.
А. Оралқызы