- Негізгі бет
- Техно
- "Өлім индикаторын" ойлап...
"Өлім индикаторын" ойлап тапты
Ланкастер университетінің физик ғалымдары адамның қанша ғұмыры қалғанын есептей алатын құрылғы ойлап тауып отыр. Қол сағатына ұқсас құрылғыға «өлім индикаторы» деген ат та беріп үлгеріпті.
«Өлім индикаторы» - адам ағзасының қандай деңгейде жылдам қартайып жатқанын анықтайтын көрінеді. Сонымен қатар ғалымдар бұл құрылғы көмегімен қатерлі ісік ауруы, ақыл-естің кемдігі секілді ауруларға диагноз қоюға болатынын мәлімдеуде.
Адамның қолына тағылған құрылғы денсаулыққа зияны жоқ лазерлік сәуленің көмегімен қылтамырдағы жасушалардың әрекет етуін сараптай келе, ағзаның қартаю деңгейін көрсетеді. Аталған құралды ойлап тапқан Анет Стефановска мен Питер Макклинтоктың айтуынша, сынақ нәтижелері уақыт өте келе бір дерекқорға жинақталады екен. Ал сынақтың нәтижесін 0-ден 100-ге дейінгі сандар арқылы көруге болады. 100 санынан сынақтың төмендеуі адам денсаулығының нашарлағанын аңғартатын көрінеді.
«Өлім индикаторын» ойлап табушы ғалымдар бұл құрылғының үш жылдан кейін қолданысқа енетінін айтуда. Шын мәнінде құрылғының адамның қанша өмірі қалғанын көрсетуінде емес, ағзаға қауіп төндіріп тұрған ауруларды дәл анықтап бергені мәндірек болатын секілді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай