- Негізгі бет
- Техно
- Ноутбук ұзаққа шыдасын...
Ноутбук ұзаққа шыдасын десеңіз...
Орта есеппен, бір ноутбукті 4-5 жыл ұстауға болады деседі. Бірақ күтіп ұстасақ, игілігін бұдан да көп көруіміз мүмкін. Ол үшін оны ұзақ ұстаудың, ерте бұзып алмаудың амалдарын, арнайы тәсілдерін жасауымыз қажет. Солардың кейбірін біле жүрген артық етпес.
Мәселен Mail.ru Group директоры Дмитрий Рябининнің айтуынша, ноутбукты сақтаудың басты екі амалы бар. Оның біріншісі – аккумуляторды күтіп ұстау. Яғни, ноутбуктың басты бөлшектерінің бірі – бұл батарея немесе аккумуляторға ұқыпты қарау.
"Қарапайым тілмен айтқанда, ноутбуктың батареясын жиі отырғызып, тоқтан ажыратып тастамау керек. Кез келген аккумулятордың қызмет ету циклі мен қызмет көрсету уақыты бар. Аккумуляторды аз қуаттасаңыз, соншалықты көпке шыдайды. Қарапайым математика", - дейді Рябинин.
Ал екінші амалы – температурасына мән беру. Яғни, ноутбукты қыздырып алудан барынша қашу. Литий йонды аккумуляторлар ыстықты "көтере алмайды". Ең дұрысы – салқын жерде отырып жұмыс істеу. Температура +10 мен +30 градустың арасында болғаны абзал.
Ал техника тұрған бөлме не кеңсенің температурасы -25 градус пен +45 градустың арасында болғаны жөн.
Қ. Слямбек