- Негізгі бет
- Техно
- Ноутбук таңдаудағы басты...
Ноутбук таңдаудағы басты қағидалар
Техниканың дамыған уақытында, бәсекелестік пен талғам жоғары кезде ноутбукты дұрыс таңдау өте маңызды. Лаптоп саудасында оның өлшемі мен салмағы, процессордың қуаты сынды өте көп факторларды ескерген жөн. Ноутбук таңдауда қиналмас үшін төмендегі критерийлерге көз жүгіртіп шығуға кеңес береміз.
Ноутбук дисплейі
Ең алдымен ноутбуктың дисплейіне баса мән бергеніңіз жөн. Екінші назар аударарлық дүние ноутбуктың видеокартасы. Егер сіз ноутбукты жұмыс істеу мақсатында, видео көріп, ойын ойнау үшін алсаңыз сізге диагоналі 15,6-19 дюймдік ноутбук ыңғайлы болар еді. Егер де іс-сапараларға арналған шағын ноутбук іздесеңіз, онда сізге диагоналі 10-нан 14 дюмге дейінгі лаптоп дұрыс болады. Матрицаның түрін де ескергеніңіз жөн. Жылтыр матрицалар ашық түсті жақсы өткізеді. Алайда, ол күнде өте қатты жарқырайды.
Ноутбук процессоры
Ноутбук таңдау кезінде оның процессорына назар аудармау мүмкін емес. Бұл компьютердің өте маңызды детальдарының бірі. Өйткені операциялардың орындалу жылдамдығы соған байланысты. Сіз неғұрлым ауыр жұмыс істейтін болсаңыз, соғұрлым процессор да қуатты болу керек. Өндірушілерге келер болсақ, сізге Intel мен AMD-дің арасында өте үлкен таңдау жасау керек болады. Екі фирма да кез-келген баға мен талғамға өз өнімдерін ұсына алады. Ядро саны мен тактикалық жиілік те – назар аударуға тиіс көрсеткіштердің бірі. Сәйкесінше, олар жоғары болған сайын, сапа да жақсы болады. Мәселен, HP ноутбуктерінің процессорлері 2, 4 ядролы болып келеді.
Аккумулятор
Ноутбук таңдауда оның батареясына да мән беру керек. Оның қуаты минималды және максималды деңгейде қаншаға шыдайтынын біліп алыңыз. Егер сіз поезда, жағажайда, бір сөзбен айтқанда қуат көзінен алыста қолданар болсаңыз, бұл үлкен маңызға ие болмақ. Жаңа модельдерде литий-ионды аккумулятор технологиясы пайдаланылады. Күрделі жұмыстар үшін сәл қиындық туғанымен, барлық ережелерді дұрыс қолданар болсаңыз, қуаты көпке дейін жетеді.
Жүйелік тақта (материнская плата)
Компьютердегі барлық компоненттердің үйлесімділігі үшін жүйелік тақта жауап береді. Сол үшін ноутбук таңдауда баса назар аударатын тұстың бірі осы.
Ноутбуктегі қатқыл диск
Ақпаратты сақтау үшін әр ноутбукте қатқыл диск орнатылған. Егер сіз өте ауыр құжаттармен жұмыс істесеңіз, заманауи ойындарға қызығар болсаңыз, сізге 500-1000 Гб арасындағы қатқыл дискі бар ноутбук таңдаған дұрыс. Кеңсе жұмыстары үшін 300 Гб-тық диск жеткілікті. Егер жұмыс істер файлдардың көлемінен хабарсыз болсаңыз, орташа өлшемді қатқыл диск алғаныңыз дұрыс.
Жедел жады
Жедел жады қолданушы бір уақытта жұмыс істей алатын бірнеше бағдарламалардың санына жауап береді. Ол көп болған сайын қолдануға тиімді болмақ. Егер көп ресурстармен жұмыс істемесіңіз, онда 2-4 Гб жетіп жатыр.
Видеокарта
Ноутбук таңдарда видеокартаға да көңіл бөлгеніңіз абзал. Егер сізге суреттердің сапасы өте қатты маңызды болмаса, 3D суреттерімен жұмыс істемесеңіз, қарапайым видеокарта ыңғайлы. Ал, егер күрделі графикамен жұмыс істейтін болсаңыз, құрылғыларға деген талабыңыз жоғары болса, онда сізге гибридті видеокарта таңдаған дұрыс.
Пернетақта және тачпад
Енгізу құрылғылары да үлкен рөл атқарады. Сатып алу кезінде пернетақтаның ыңғайлылығына, тачпадтың бірден сезу қабілетінің дұрыстығына толықтай көз жеткізіп алғаныңыз дұрыс. Егер керек әріпті таба алмай қиналып жатсаңыз, сатып алудан бірден бас тартпаңыз. Уақыт өте үйреніп кетесіз. Ал, егер арнайы сандардың блогы болсын деген кәсіби талаптарыңыз болса, онда іздестіру жұмысын жалғастыруға кеңес береміз.
Ноутбуктегі кабель қосқыштар
Ең жеңіл жол – бірнеше кабель қосқыштары бар ноутбук таңдау. Бірақ оның бәрі қажет пе? Қолданушы бұл сұраққа қинала жауап беретіні анық. Таңдау кезінде интерфейстің негізгі жиынтығына (USB, VGA, HDM1) мән беру керек. Есіңізде болсын, неғұрлым USB-порт көп болған сайын, бірнеше перифериялық құрылғылармен жұмыс істеу мүмкіндігі де арта түседі. Сонымен қатар, олардың дұрыс орналасуына да мән беріңіз. Коммуникациялық мүмкіндіктерін де ұмыт қалдырмаңыз. Әңгіме, әлбетте, Wi-Fi жайлы. Алайда, ол соңғы моедельдердің бәрінде бар.
Физикалық ақпараттар
Ноутбуктың салмағы мен өлшемі де маңызды. Егер Сіз үйдегі компьютерді алмастырушы құрал іздеп жүрсеңіз, бұл айтылғандардың сізге еш қатысы жоқ. Егер, ноутбукты белсенді қолдану үшін сатып алар болсаңыз, онда өлшем мен салмақ өте маңызды. Қолданушылар арасында диагональ үлкен болса, ноутбуктың салмағы ауыр болады деген тұжырым қалыптасқан. Бұл – қате пікір. Нарықта салмағы экранның өлшемімен салыстырмалы түрде төмен ультра жұқа модельді ноутбуктер бар.
Өздеріңіз байқағандай, ноутбук сатып аларда көп дүниелерді ескеру керек. Біреу үшін техникалық талаптар басты орында болса, енді біреу үшін дизайны мен түсі бірінші орында. Бастысы, сіз ноутбукты қандай мақсатта қолданбақсыз, соған байланысты. Бұл тұста сіздің қаржылық мүмкіндіктеріңіз бен өндіруші-фирма да басты рөл ойнайды. Жоғарыда келтірілген кеңестерге жүгінер болсаңыз, ноутбук таңдарда көп қиналмайсыз.
Дереккөз: likeme.kz
Massaget.kz