Nokia қайта жаңғырды. Компания арзан смартфондар шығармақ

Nokia қайта жаңғырды. Компания арзан смартфондар шығармақ
Фото: verge.com

Nokia брендінің иесі HMD Global компаниясы Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін екі жаңа модель дайындап жатыр. Жаңа смартфондар АҚШ нарығына шығып, Verizon және Cricket Wireless мобильді операторларымен серіктес болмақ. Олардың негізгі ерекшелігі – өте арзан бағасы.

Смартфондар әлемдік флагмандармен бәсекелесе алмайтындықтан, бағасы төмен бюджетті сегментке ден қойып отыр. 

Nokia 3.1 Plus моделі 5,99 дюйм дисплейге, 13 МП және 5 МП екі негізгі камера мен 8 МП фронтал камераға ие. Ішіне Qualcomm Snapdragon 439 процессоры орнатылған. Жедел жады – 2 GB, негізгі жады – 32 GB. Ал батарея қуаттылығы – сағатына 3500 мА. Жаңа смартфонның бағасы $160 (60 мың теңге) екен.

Ал Nokia 2V 5,5 дюйм экранға, 2 GB жедел жадыға, Qualcomm Snapdragon 425 чипсетіне ие. Батарея қуаты өте жақсы, сағатына 4000 мА. Құрылғы бағасы белгісіз.

Бұған дейін Nokia Microsoft меншігінде болып, біраз репутациясынан айырылып еді. Сондықтан HMD Global АҚШ нарығын қайта жаулауы мүмкін. Компанияның стратегиясы сол: АҚШ нарығына енген соң, біртіндеп Nokia 8 Sirocco сияқты флагмандарды шығара бастайды.

Massaget.kz