The Verge бысылымы соңғы он жылда шыққан үздік 100 гаджетті анықтап, бірінші орынға iPhone 4 смартфонын қойды. Басылымның бас редакторы Нилай Пательдің айтуынша, iPhone 4-тің бірінші орын алуына ешкім қарсы болмаған.
Не себепті iPhone 4?
Рейтингтегі iPhone 4 сипаттамасында "тарихтағы ең әдемі смартфон" деп жазылған және редакция ойынша, Apple-дың дәл осы өнімі қазіргі смартфондар бой түзейтін шаблон болды. Сондай-ақ 5 мегапиксельдік негізгі камера смартфондағы фотосурет стандартына айнала бастады, алғаш рет Retina-дисплей қолданылды және металл қаптамасы болды.
iPhone 4-тің қандай проблемасы болды?
Мақалада смартфонның екі дауы туралы айтылған. Біріншісі – "антенгейт". Инженерлер смартфонға антеннаны дұрыс орнатпаған. Соның әсерінен байланыс дұрыс орнаылмай, қолданушы артық машақаттанатын болған.
Іске Стив Джобс араласып, бұл проблема тек iPhone-да ғана емес, өзге смартфондарда бар екенін айтып, антенна проблемасын шешетін арнайы смартфон қабын тегін тарататынын мәлімдейді. Смартфон қабы расымен көмектесіп, бұл ситуация антикризис менеджментінің озық үлгісіне айналды.
Екінші дау – Gizmodo басылымына смартфон прототибінің сатылуы. 2010 жылы Apple-дың қызметкері Грей Пауэлл барлардың бірінде iPhone 4 прототибін ұмытып кетеді. Брайан Хоган есімді бейтаныс біреу оны тауып алып, Gizmodo басылымына сатады. Олар смартфон суреті мен сипаттамасын ресми презентацияға дейін жариялап жібереді. Apple кейін Gizmodo басылымына өз іс-шараларына қатысуға тыйым салды. Бан бірнеше жылдан кейін барып алынды.