Мобильді байланыс сапасы жоғары смартфондар анықталды

Мобильді байланыс сапасы жоғары смартфондар анықталды
Фото: freepik.com

Master Lu бенчмаркы 2019 жылдың жартыжылдық межесі бойынша, мобильді байланыс сапасы жоғары смартфондар рейтингін жасады.

Xiaomi Mi 9 ТОП-10 үздігі атанды. Оның байланыс сапасындағы сезгіштігі -69 dBm деп бағаланған. Екінші орынды -71 dBm көрсеткішпен ZTE Axon 10 Pro иеленді. Үшінші орында – Lenovo Z6 Pro (-71 dBm). Ал Samsung Galaxy Note9 (-73 dBm) төртінші орынға тұрақтады. Бесінші орынды Oppo компаниясының жаңа флагманы Oppo Reno 10x Zoom иеленді. Бұл рейтингте Huawei компаниясының тек бір ғана смартфоны бар, ол – алтыншы орындағы Huawei Enjoy 9e. 

Сегізінші және тоғызыншы орында Xiaomi смартфондары: Black Shark 2 ойын смартфоны және бюджетті бестселлер Redmi Note 7. Үздік ондықты OnePlus 6 қорытындылады. Бұл рейтингтегі барлық дерлік смартфонның бағасы қымбат, тек Redmi Note 7 қана бюджетті құрылғы.

-75 dBm сезгіштік қабілеті бар смартфондардың ғимарат ішінде де байланыс сапасы жоғары болады. Мысалы -69 dBm сезгіштігі бар смартфонмен биік ғимараттың лифтінде еркін сөйлесе беруге болады.

Massaget.kz