Адамның миы тұрақты жаттығуды талап етеді. Ойлау не есте сақтау қабілетін үй жағдайында дамыту үшін 5 жүйіне назарыңызға ұсынамыз. Топтаманың бірінші бөліміне мына сілтеме арқылы өте аласыз.
Бұл сайтта миыңыздың жылдамдығын, ойлау, есте сақтау мен есеп шығару қабілетін дамытғуа арналған ойындар топтамасы жинақталған. Сайтта өзіңіз дамытқыңыз келетін қабілетіңізге қарай жаттығу режимін таңдай аласыз.
Логикалық ойындар, бас қатырғыш есептер, зейінді дамытуға арналған пазл бар. Ойындардың түрі көп әрі қызықты. Онлайн-режимде ойын ойнап, миыңызды жаттықтыра аласыз.
"Қызықты педагогика" сайтының өзгелерден ерекшелігі миыңыздың биологиялық жасын анықтайды. Арнайы тесттен өтіп, мидың қанша жаста екенін білуге болады. Сондай-ақ, жаттығу тесті арқылы есте сақтау, зейінділік және жылдам шешім қабылдау қабілетіңізді арттыра аласыз.
Ағылшын тілін жетік меңгерсеңіз, осы платформадан қажетіңізді табасыз. Бұл сайтта мидың жұмысын дамытып, ойлау қабілетіңізді арттыруға арналған жаттығулар көп. Оған қоса өзіңізге ыңғайлап, жеке жаттығу жүйесін құруға болады. Бұдан бөлек, тек жаттығып қана қоймай, әртүрлі зерттеу жұмыстарына атсалыса аласыз.
Мұнда кез келген қабілетті дамытуға арналған жаттығуды таба аласыз. Оның ішінде көп кездесе бермейтін іріктеу жасау, зейінділік, тез шешім қабылдау секілді қабілетті арттыруға арналған жаттығулардан бөлек арифметикалық операциялар, символ санау, жол табу сияқты ойын түрлері бар.