Адамның миы тұрақты жаттығуды талап етеді. Ойлау не есте сақтау қабілетіңізді дамытқыңыз келсе мына 5 жүйемен дайындалыңыз.
Бұл сайтта миыңызды жұмысын дамытып, ойлау қабілетіңізді арттыруға арналған жаттығулар көп. Оған қоса өзіңізге ыңғайлап, жеке жаттығу жүйесін құруға болады. Соның арқасында нәтижеңізді тұрақты қадағалап, даму статистикасын жасай аласыз. Сайт бір қарағанда әдемі әрі қолдануға ыңғайлы. Бәрі түсінікті. Тек ақылы нұсқасына қарағанда тегінінде мүмкіндіктер аз.
Викиумге кіргенде, бірінші кезекте арнайы тест тапсырасыз. Бұл арқылы жүйе сіздің есте сақтау, ойлау және мән беру қабілетіңізді тексереді. Тестің нәтижесіне қарай жүйе сізге қажет жаттығулардың тізімін жасайды. Бұл сайттың да тегін және ақылы нұсқасы бар.
"Есте сақтау қабілеті нашар адам болмайды. Оны қолдана білмейтін адамдар бар" - бұл сайтқа кіргенде оқитыныңыз. Аса қиын емес жаттығуларды орындау арқылы зердеңізді дамытып, сан, сөз және мәтінді оңай жаттауға үйренесіз. Сайтта жаттығулардан бөлек пайдалы кеңестер топтамасы жиналған.
Зердені дамыту үшін таптырмас сайт. Онлайн жаттығулар мезіктірсе, ойынның көмегімен дайындалуға болады. Оған қоса мәтін түрінде мидың құрылысы мен оны қалай дамытуға болатыны жайлы айтылған.
Жүйеге танымал логикалық ойындар топтамасы жинақталғна. Онлайн-режимде ойын ойнап, миыңызды жаттықтыра аласыз.