- Негізгі бет
- Техно
- MidJourney нейрожелісін қалай...
MidJourney нейрожелісін қалай қолдануға болады?
Әлеуметтік желіні шулатқан нейрожелінің бірі – Midjourney. Ол жерде мәтінмен тапсырма бере отырып, керекті картина, иллюстрацияларды алуға болады.
Нейрожелі әлі пайдаланушымен тікелей байланыса алмайды, тек Discord-тағы бот арқылы жұмыс істейсіз.
MidJourney нейрожелісін қалай қолдану үшін мына реттілікті сақтаңыз:
- Discord-қа тіркеліңіз
- MidJourney Discord серверіне кіріңіз
- "Newbie - *" деп басталатын кез келген топқа өтіңіз. Қасындағы топ саны маңызды емес.
- Хабарлама енгізу терезесіне /imagine деп теріңіз
- Prompt деп белгіленген терезе пайда болған кезде, суреттің сипаттамасын ағылшын тілінде енгізіңіз.
Сурет сипаттамасын қалай жазамын?
Тапсырма ағылшын тілінде болуы керек, егер бұл қиын болса, кез-келген аудармашыны қолдана аласыз.
Мінсіз нәтижсе алу үшін тапсырма мына ереже бойынша жазылады: Нысан:: оптика::рендер
Нысан - суретте не болуы керек және оның іс-әректі, сипаттамасы. Артқы фон қалай болу керегін де осы жерде айтасыз.
Оптика - суреттің фокусы, бұрыш және түрі (портрет, пейзаж)
Рендер — сурет өлшемі. Әдетте 1:1, яғни шаршы форматта дайындайды. Бірақ, сіз қаласаңыз 16:9 немесе 4:3 өлшемін сұрай аласыз.
Сипаттамадағы тыныс белгілер:
Қос нүкте. Сипаттамадағы осы нүктелер нейрондық желілерге логикалық бөліктің аяқталатындығы туралы хабар береді.
Қос қысқа сызықша. Әдетте бұл кішігірім параметрлер: кескіннің арақатынасы (-- ar 16:9, -- ar 1:1) немесе оны былай да бере аласыз: --w 1920 --h 1080.
Нәтижені қалай сақтаймын?
Нейрожеліге тапсырма бергеннен кейін астында жоғарыдағы сурет секілді 2 қатарға орналасқан 8 батырма шығады.
U1, U2, U3, U4 — upscale. Бұны басқан кезде желі сізге таңдаған суретіңізді өңдеп, жалғыз өзін береді.
V1, V2, V3, V4 — variants. Бұны басқан кезде нейрожелі таңдаған суретіңіздің тағы 4 нұсқасын ұсынады.
Осылай керек суреттерді жеке сақтап ала аласыз.
Т. Есқали