- Негізгі бет
- Техно
- Microsoft 27 жаңалық...
Microsoft 27 жаңалық редакторының орнына жасанды интеллект қолданбақ
Microsoft 27 жаңалық редакторын жұмыстан босатып жатыр. Олар MSN.com, Microsoft Edge және Microsoft News-ке арнап жаңалық жариялап отырған. Бұл туралы The Verge хабарлады.
Редакторлар арнайы контент дайындамаған, бірақ Microsoft-қа сай етіп іріктеп отырған. Редакторлар қызметін ұсынған PA Media агенттігінің айтуынша, жаңалыққа жасанды интеллектіні қолдану – сенімсіз шешім. Агенттік редакторлары бұған дейін өте қатаң талаппен жұмыс істеп, жаңалықты мазмұнына, суретіне, маңызына қарай іріктеп ұсынып отырған.
Microsoft айтуынша, редакторларды жұмысынан босатудың пандемияға қатысы жоқ.
Компания 1995 жылы MSN платформасын жарыққа шығарып, жаңалық саласында 25 жылдан аса қызмет етіп келеді. Екі жыл бұрын оның құрамында әлемнің 50 елінен 800 редактор жұмыс істеген екен.
Massaget.kz