Миллиондаған жыл бұрын адам баласы ағаш пен тастан құрал-сайман жасаған, бірақ мыңдаған жылдан кейін олар металды қолдануды үйренді. Осы сәттен бастап әлем қарқынмен дами бастады. Металдың адамзат дамуында алған орны ерекше. Сондықтан ең ерекше металл түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ең сұйық металл
Сынап ең сұйық және сонымен бірге адам ағзасы үшін ең қауіпті металл. Ол әрдайым сұйық күйде болады, өйткені оның балқу температурасы – 38 градус. Сондықтан бұл металл термометрлерде қолданылады – температура жоғарылаған сайын сұйықтық кеңейеді.
Орта ғасырда сынапты, күкіртті және жұмбақ "пәлсапа тасын" араластыру арқылы таза алтын алуға болады деп есептелген. Сондықтан бұл металға көп көңіл бөлінді. Орта ғасырда алхимиктер сынаптан алтын алды деген нақты дәлел жоқ. Бірақ ғалымдар 1947 жылы 100 миллиграмм сынапты ядролық реакторға салып, 35 микрограмм алтын алды. Міне, сынаптың екінші таңғажайып қасиеті – оны алтынға айналдыруға болады, бірақ бұл өте қымбат процесс.
Ең отқа төзімді металл
Отқа ең төзімді металл – вольфрам. Сынап адамның алақанында ери алатын болса, вольфрамды балқыту үшін 3422 градус температура қажет. Сондықтан оны шамның ұзақ жарық шашып тұруы үшін пайдаланады.
Вольфрамның өзі қауіпті емес, бірақ оның қоспасынан жасалатын өнім адам өмірі үшін қауіпті. Вольфрамды әдетте қару оқтарының ұшы берік болу үшін қолданылады. Вольфрам жалатылған оқтар тіпті адам денесін қорғайтын сауытты да (бронежилет) тесіп өтеді.
Ең берік металл
Планетамыздағы ең берік металл – титан. Титанның тағы бір қасиеті ол өте жеңіл. Осының арқасында оны авиация мен ғарышқа ұшырылатын зымырандар корпусын құрастыру үшін қолданады. Сонымен қатар, олардың беріктігі мен жеңілдігінің арқасында бронежилет титаннан жасалады. Бұл металл адам ағзасы үшін қауіпсіз, сондықтан көбінесе медицинада құралдарды, протездер жасауда титан пайдаланады.
Ең радиоактивті металл
Ядролық реакторларда отын ретінде қолданылатын жалғыз металл – уран. Көптеген адам оны жоғары радиоактивтілікке байланысты өте қауіпті деп санайды. Алайда табиғи уран адам денсаулығы үшін қауіпсіз. Тек оның U-235 деп аталатын түрі ғана қауіпті. Дәл осы түрі ядролық реакторларда қолданылады.
Бір кездері табиғи ураннан да ыдыс-аяқ жасаған. Мысалы, құрамында уран бар әйнектің фрагменттері Италияның Неаполь қаласында табылған. Ғалымдардың айтуы бойынша әйнек б.э.д. 79 жылы жасалған.
Миллиардтаған жыл бұрын U-235 ураны табиғатта көп кездесетін металл болған. Соның кесірінен Африка елдерінің Габон аумағында, шамамен 1,8 миллиард жыл бұрын, уран ядроларының ыдырауының табиғи реакциясы болды. Уран жүздеген жыл бойы Жер бетінде жанып тұрған. Нәтижесінде металл қоры таусылып, бүгінде бұл металл түрі сирек кездеседі.
Ең ауыр металл
Осмий бүкіл периодтық кестедегі ең ауыр металл саналады. Ауыр металл болғанынан бөлек ол ауада улы металға айналады. Ежелгі грек тілінен шыққан "осмий" атауын "иіс" деп аударуға болады.
Осмий – ең әдемі металл. Өзінің қаттылығына байланысты осмий көбінесе механизмдерде, атап айтқанда қатты үйкеліс пайда болатын жерлерде қолданылады.