28 қазанда Марк Цукерберг Facebook Connect 2021 онлайн презентациясында Мета туралы айтты. Компанияның VR және AR саласындағы кейінгі жетістіктері, мета-әлемді дамыту жоспарлары, сондай-ақ компанияның атауы туралы біраз мәселе қозғалды. Компания енді өзін әлеуметтік желімен емес, мета-әлеммен байланыстырғысы келеді.
Мета-әлем
♦ Facebook мета-әлемді дамытуды жоспарлап отыр. Мета-әлем – бұл VR және AR технологияларын қолданатын виртуал әлем;
♦ Пайдаланушылар виртуал әлемде аватар арқылы бір-бірімен байланысады. Бұл 2018 жылы үлкен экранға шыққан Стивен Спилбергтің "Бірінші ойыншы дайындалсын" (Ready Player One) фильмін еске салады.
♦ Мета-әлемде голограммалар түріндегі "қалыпты" интернеттің барлық мазмұнын көруге болады.
♦ Facebook жеке жұмыс орнын құру үшін Horizon Workrooms қызметін және Horizon Home виртуал үйін ұсынады.
Ойындар және фитнес
♦ Көптеген жаңа ойындар VR-де пайда болады. Цукерберг Oculus Gaming Showcase көрмесінде олар туралы айтуға уәде берді;
♦ Мета-әлемдегі әртүрлі орындардағы пайдаланушылар вртуал шындықпен ойындар ойнай отырып, сонымен бірге спортпен айналыса алады;
♦ Ойындар мен жұмыс үшін бөлек тіркелу мен аватарлар қолдануға болады;
Мета-әлемдегі білім
♦ Мета-әлемде білім беру интерактив форматта болады. Медицина мамандары виртуал шындықта тәжірибе жасап, ал болашақ астрономдар ғарыш нысандарын мұқият зерттей алады;
♦ Пайдаланушылар автокөліктің 3D үлгісін жүктеп, құрылысшылар үйдің жөндеу үшін тәжірибе жасай алады, сондай-ақ голограммалар арқылы күн жүйесінің планеталарын зерттеуге болады;
♦ Facebook осыған арналған өз көзілдірігін ұсынады.
Жаңа экономика
♦ Қызметтерге ақы төлеу адамдарды алыстатады. Сондықтан Facebook өз қызметтерінің бағасын азайтуды немесе төлемдерден бас тартуды жоспарлап отыр;
♦ Пайдаланушыларға арнап әлемдер мен жеке заттарды жасау үшін мета-әлемде авторлардың жаңа түрі пайда болады;
♦ Facebook кәсіпкерлерге тұтынушылармен өзара әрекеттесу үшін жаңа платформалар ұсынады.
Cambria жобасы
♦ Facebook мета-әлемде байланыста болу үшін жаңа "ақылды" көзілдіріктермен жұмыс істейді;
♦ Project Cambria деп аталатын AR көзілдірігі 2022 жылы шығарылады;
♦ Қыркүйек айында Рэй Банмен бірге "ақылды" көзілдіріктермен жұмыс істеу пайдаланушыларды смартфон экранынан алыстатудың алғашқы қадамы болды.
Жаңа атау
♦ Facebook барлық күш-жігерін мета-әлемді дамытуға бағыттайды;
♦ Компанияның атын Meta деп өзгертудегі мақсат – өзін әлеуметтік желімен емес, мета-әлеммен байланыстыру;