Америкалық кәсіпкер һәм миллиардер Илон Маск The Boring Company компаниясы тарапынан салынып жатқан Лос-Анджелестегі жер асты жолының бір бөлігін ресми түрде ашты.
Бұл жолаушылардың тез және кептеліссіз жүре алатын алғашқы жолы. Илон Маск ашылу салтанатында, көліктер тез жүруі үшін қажет жағдайда қолданылатын, керек болмаса жиналатын арнайы дөңгелектермен жабдықталуы керек екенін айтты. Мұның прототипін ол өзінің Tesla автомобилінде көрсетті. Оның айтуынша, мұндай дөңгелектерді басқа маркадағы көліктерге де қоюға болады екен.
Маск туннеліндегі орташа жылдамдық сағатына 240 шақырым. SpaceX бас кеңсесінен басталып, қаланың 120-көшесінде бітетін туннелдің әзірге 3 шақырымы ғана пайдалануға тапсырылды. Маск алдағы жылы жүргізушісіз көліктер мен жеке көліктерге арнап жер асты жолдарын салуды жоспарлап отыр.
Илон Маск "Loop" капсуласымен сапарға шығу қанша болатынын айтты
Туннель бастапқыда көліктерге арналған еді. Бірақ Маск бұл жоспарын жер асты жолында жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көліктер де жүре алатындай қылып өзгертті. Уақыт өте келе туннельде жүрдек капсулалар да қатынай бастайды.
Сынақ-туннелінің құрылысы үшін The Boring Company 10 миллион доллар жұмсаған.
Еске сала кетейік, Масктың бұл компанияның негізін 2016 жылы қалаған. The Boring Company 2017 жылы маусымда туннель қазуды бастаған еді. Бұл бастама қала бойлап салынатын туннельдің табалдырығы болып есептеледі. Егер сынақ ойдағыдай сәтті шықса, Илон туннельдерді бүкіл АҚШ бойлап салуды көздеп отыр.