Болашақта миллион тұрғыны бар Марс ғаламшарын Жерге ұқсату жоспары түзіліп жатыр. Марста Жердегідей ауа қалыптастырып, онда бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар ма, жоқ па, белгісіз. NASA агенттігінің айтуынша, бұл мүмкін емес. Қызыл ғаламшарда оттегі қалыптастыру үшін қажетті деңгейде магниттік өріс пен газдар жоқ. "Бірақ тәжірибе жасап көру керек" дейді Маск. Тек тәжірибе ғана оның болатынын немесе болмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Міне осы тәжірибені Маск пен Джеф Безос бірігіп бастап кеткен сыңайлы.
Микробтар Қызыл ғаламшарды терраформированиелуіне көмектеседі. Яғни оның атмосферасын, температурасын және қоршаған ортасын жер бетіндегідей климаттық жағдайға келтіруі мүмкін.
Сондықтан алғашқы Марс тұрғыны адамдар емес, оның климаттық жағдайын адамзат өмір сүруіне қолайлы ететін микробтар болуы мүмкін.
Қазір Қызыл ғаламшарда тіршіліктің нышандары болмағанымен, зерттеушілер өмір сүруге қолайлы бактериялар мен вирустарды Марсқа ұшыруды жоспарлап отыр.
“Бізге пайдалы микроорганизмдерсіз өмір сүру мүмкін емес”, - дейді Хосе Лопес, Халмос табиғи ғылымдар және океанография колледжінің профессоры.
Оқи отырыңыз: Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Бүгінгі уақытта Илон Маск пен Джеф Безос НАСА ғарыш агенттігімен бірлесе отырып “адамзатқа тағы бір ғаламшар керек” идеясы үстінде жұмыс істеп жатыр. Себебі Жердегі табиғи байлықтар уақыты келіп таусылады. Бұдан бөлек ғаламшарымызда жыл сайын адам саны да өсіп жатыр. Лопес жетекшілік ететін ғалымдар тобы Маск пен Безосқа қай микробтарды Марсқа жіберу керектігін анықтау үшін микробиологиялық зерттеулерге қаражат салуды ұсынып отыр.
Айта кетейік, Болонья Ұлттық астрофизика институтының ғалымдары Марста шынында су бар екенін дәлелдейтін мәліметтерді жариялағанын жазған едік.