Марстағы Ingenuity тікұшағынан ақау шықты. Бұл туралы NASA хабарлады.
NASA сарапшылары тікұшақ команда бойынша 10 метр биікке көтеріліп, оңтүстік-батыс бағытта 150 метр секундына 4 метр жылдамдықпен қозғалғанын айтты. Ары қарай Ingenuity сол аумақты суретке түсіру үшін оңтүстікке қарай тағы 15 метр, содан кейін солтүстік-шығысқа тағы 50 метр алға жылжуы керек еді.
Телеметрия Ingenuity алғашқы 150 метрлік бөлімі "кедергісіз" өткенін көрсетті, бірақ содан кейін ол теңселіп, жылдамдығын арттырған. Бұл ұшақ қонғанша осылай жалғасты және борттағы сенсорлар ауытқуларды көрсетті.
NASA ұшқаннан кейін шамамен 54 секундта тікұшақ бағдарламасында ақау туып, навигациялық жүйеге кері әсер еткенін анықтады. Осыған қарамастан, NASA-ның Марсқа алтыншы Ingenuity миссиясы сәтті болып саналады.
Мамандар сәтсіздікке қатысты барлық дерекі мұқият талдайтынын айтты.
Айта кетейік, 19 сәуір күні Ingenuity тікұшағы Марста алғаш рет ұшты. Тікұшақ планета деңгейінен үш метр биіктікке көтеріліп, ауада жарты минут тұрды, содан кейін қайта оралған.
Ingenuity – 1,2 метрлік диаметрі, екі қанатты ұшатын құрылғы. Әуе рейсі 11 сәуірге жоспарланған, бірақ бағдарламалық жасақтаманың бұзылуына байланысты кейінге қалдырылған.
Ingenuity алдағы күндері бірнеше рейс жасап, планетаны суретке түсіреді.