Илон Маск идеясы бойынша жүзеге асып жатқан Loop жерасты жолының құрылысыжалғасып жатыр. Жуырда Лос-Анджелесте кезекті туннельдің құрылысы басталатыны белгілі болды. Жобаның жоспары бойынша, соңғы станция Dodger стадионының аумағында орналасады. Ал жоғары жылдамдыққа ие электрбустардың қай нүктеден бастап жолаушыларды тасымалдайтыны әлі белгісіз. Loop деп аталатын бір капсулаға 16 адам сыяды. Бір рет сапарға шығу ақысы 1 доллар. Бұл автобус билетінен де арзан. Сынақтарға қарағанда, капсула жылдамдығын сағатына бірнеше жүз шақырымға дейін арттыра алады. Капсуланың орташа жылдамдығы сағатына 240 шақырым. Бұл жобаның ерекшелігі құрылысты мемлекет қаржыландырмайды. Барлық шығынды жоба бастаушы компания көтереді. Бұл идея алғаш ұсынылған кезеңнен бастап Лос-Анжелес мэрі Эрик Гаркетти Илон Маск бастамасын қолдап келе жатыр. Жоспар бойынша, алғашқы туннельдің құрылысы 2019 жылдың соңында бітуі тиіс.