- Негізгі бет
- Техно
- Лос-Анджелесте тағы бір...
Лос-Анджелесте тағы бір жер асты туннелі салынады
Илон Маск идеясы бойынша жүзеге асып жатқан "Loop" жерасты жолының құрылысы жалғасып жатыр. Жуырда Лос-Анджелесте кезекті туннельдің құрылысы басталатыны белгілі болды.
Жобаның жоспары бойынша, соңғы станция Dodger стадионының аумағында орналасады. Ал жоғары жылдамдыққа ие электрбустардың қай нүктеден бастап жолаушыларды тасымалдайтыны әлі белгісіз.
"Loop" деп аталатын бір капсулаға 16 адам сыяды. Бір рет сапарға шығу ақысы – 1 доллар. Бұл автобус билетінен де арзан. Сынақтарға қарағанда, капсула жылдамдығын сағатына бірнеше жүз шақырымға дейін арттыра алады. Капсуланың орташа жылдамдығы сағатына 240 шақырым. Бұл жобаның ерекшелігі – құрылысты мемлекет қаржыландырмайды. Барлық шығынды жоба бастаушы компания көтереді.
Бұл идея алғаш ұсынылған кезеңнен бастап Лос-Анжелес мэрі Эрик Гаркетти Илон Маск бастамасын қолдап келе жатыр. Жоспар бойынша, алғашқы туннельдің құрылысы 2019 жылдың соңында бітуі тиіс.
А. Қажиев