Қытайлық мобильді қосымша және онлайн ойын әзірлеуші NetDragon Websoft компаниясы Тан Ю есімді роботты бас директор етіп тағайындады. Бұл туралы Metro басылымы хабарлады.
«Біз жасанды интеллект корпоративтік менеджменттің болашағы деп есептейміз. Тан Ю ханымның бас директор болып тағайындалуы біздің жасанды интеллектті пайдалануға күш салуымыздың дәлелі», - деді NetDragon Websoft төрағасы Децзян Лю.
Роботтың техникалық сипаттамалары туралы ақпарат берілмеген.
Компаниядағылардың айтуынша, ол жұмыс процестерін үйлестірумен айналысады. Сонымен қатар, Тан Ю барлық қызметкерлердің жұмысын әділ бағалайды.