Аспан асты елінің Чэнду қаласында алғаш рет қызметкері жоқ қонақ үй ашылды. Smart LYZ деп аталатын мейманханада тек роботтар жұмыс істейді. Келген қонақтарды адамдардың жүзін сканерлейтін робот күтіп алып, бөлмесіне алып барады.Тағам немесе таксиге тапсырыс беру, кір жуу қызметтері де арнайы бағдарламаланған роботтар тарапынан орындалады.Күтпеген оқыс жағдайлар және қонақтар денсаулығына байланысты мәселелер туындаған жағдайда адамдармен байланыс қызметі іске қосылады. Бөлмелердің есіктері автоматтандырылған, тек клиенттер үшін ашылады.2018 жылдың соңына дейін Қытайда тағы да осындай 50 қонақ үй ашылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, құлтемірлер қызмет ететін қонақ үй осыдан екі жыл бұрын алғаш рет Жапонияда пайда болған еді. Бірақ, ол қонақ үйде роботтардан басқа тағы 10 адам жұмыс істейді.