- Негізгі бет
- Техно
- Қытай орбитаға ...
Қытай орбитаға ең үлкен ғарыштық зымыранын ұшырды
Қытайдың Вэньчан ғарыштық ұшу орталығы 27 желтоқсанда “Чанчжэн-5” зымыран тасығышын (Ұлы сапар 5) ұшырды. Зымыран келесі жолы Қытайдың Ай-Марс бағдарламасында қолданылу жоспарланған.
Зымыран жергілікті уақыт бойынша сағат 20: 46-да “Чяньцзинь-20” жер серігімен ұшырылды. Ол геостационарлық орбитада жұмыс істейді. Жергілікті сарапшылардың пікірінше, бұл ғарыш кемесі алдағы 5-15 жыл ішінде телекоммуникация саласының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді.
“Чанчжэн-5” – Қытайдағы зымырандар жаңа буынының ең қуатты зымыран тасығышы саналады. Оның биіктігі – 57 метр, диаметрі – 5 метр, бастапқы салмағы – 870 тонна. Зымыран Жер орбитасына 25 тонна, ал геостационарлық орбитаға 14 тонна жүк тасымалдай алады. Оған отын ретінде сұйық оттегі мен сұйық сутегі қолданылады.
Зымыран Қытайдың ғарышты қашықтықтан зерттеуінде және басқарылатын ұшу бағдарламасында маңызды рөл атқарады. Ол алғаш рет 2016 жылдың қараша айында “Шицзянь-17” жер серігі арқылы ұшырылды. Екінші рет “Шицзянь-18” жер серігі үшін 2017 жылдың шілдесінде қолданылған, бірақ сәтсіздікке байланысты орбитаға шыға алмады.
Қазіргі рейс “Чанчжэн” зымырандарының 323-ші миссиясы болды. 2020 жылға қарай “Чяньцзинь”-5-ті ҚХР ғарыштық бағдарламасының үш маңызды миссиясында пайдалану жоспарланған.
Т. Раушанұлы