- Негізгі бет
- Техно
- Қытай ғарышты игеру...
Қытай ғарышты игеру "жарысында" АҚШ пен Ресейден озды
ҚХР тарихта алғаш рет ғарышқа зымырандар ұшыру бойынша АҚШ пен Ресейді артта қалдырып, жетекші мемлекетке айналды.
ҚХР 2018 жылдың басынан бері ғарышқа 35 зымыран ұшырған. Және бұл көрсеткіштер бойынша жетекші саналатын 2018 жылы 30 зымырын ұшырған АҚШ-тан басып озды.
Ал, Ресей биыл Қытайдан екі есе аз зымыран ұшырыпты. Биыл ғарышты зерттеулер бойынша Ресей үшін сәтті жыл бола қойған жоқ. «Союз» зымыраны қозғалтқышындағы ақауға байланысты халықаралық станцияға 2 ғарышкерді жеткізе алмай апатқа ұшырады.
Қытай ғарыш бағдарламаларын дамытумен бірге зерттеу жұмыстарына да қомақты қаржы жұмсап жатыр. Бұл көрсеткіш бойынша соңғы үш жылда Халықаралық Еуропа ғарыш агенттігін артта қалдырып, АҚШ-қа жақындап қалды.
ҚХР-дың ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаған қаржысы өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері 40 есеге өскен. 2016 жылы Қытай үкіметі ғарышты зерттеу үшін 412 миллиард доллар бөлді. Бұл Ресей федерал бюджетінен 1,5 есеге көп.
Ғарышты игеру жарысында жетекші әлі де АҚШ (464 миллиард доллар) болып тұр. Бірақ арақашықтық қысқарып келе жатыр. 2000 жылы көрсеткіш қазіргіден 8 есеге көп болса, 2018 жылы 12 пайызды ғана құрап отыр.
Мамандардың айтуынша, жақын болашақта ҚХР ғарышты игеру мен зерттеулер бойынша көшбасшы мемлекетке айналады.
Т. Раушанұлы