"Айдың арғы бетіне қону Қытайға басқа ғаламшарларды зерттеу мен игеру мүмкіндігін жылдамдатады" деп жазады Bloomberg агенттігі. 3 қаңтар күні ҚХР-дың "Чанъэ-4" зонды адамзат тарихында алғаш рет Айдың көрінбейтін бетіне зерттеу аппаратын қондырған болатын.
Агенттіктің хабарлауынша, ғарыш игеру жарысында ұзақ уақыттан бері екінші дәрежелі болып келген ҚХР үшін бұл қадам едәуір алға жылжу болды. Сонымен бірге, қытайлар Жер серігіндегі пайдалы қазбалардың аз және оларды қазып алу қиын екеніне қарамастан, осы жолда тер төгудә көздейді екен. "Қытайлар алдағы 10 жылдық жоспарын құрып, сол бойынша әрекет етіп жатыр", – дейді Нотрдам университеті сарапшысы Клайв Нил.
"Қытайлар Жердің тартылу күшіне төтеп бере алды және бұл басқа галактикаларды зерттеуді жеңілдетеді",- дейді мамандар. Мысалы, "Chang'e-4"-тің мақсаты: Айдағы зерттеу қорытындысын жинау, қандай минералдар бар екенін анықтау. Құрылғыдағы луноход сол аумақты геологиялық, астрофизикалық тұрғыда зерттейді және көкөністерді өсіру бойынша эксперименттер жүргізеді.
Сарапшылардың айтуынша, астероидтан, Айдан адамзат алтын, иридий, платина сынды қымбат элементтерді қазып алуы мүмкін. Осы арқылы болашақта жұлдызаралық саяхат үшін ғарыш кемелерінің жанармайын өндіреді. Ал Айдағы ең көп кездесетін элемент – Гелий-3. Оны Жерге тасымалдау қымбатқа шығады. Сондықтан, аталған элементті Айдың өзінде, ғарыш кемелері ары қарай ұшу үшін отын ретінде өндіруге болады.