"Эйр Астана" АҚ және "Scat" авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Азаматтық авиация қызметтерін арығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі "Эйр Астана" АҚ және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергептексеру жүргізуге бастамашылық етті.
Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.