Бір қарағанда айырма әріпте ғана сияқты, алайда айырма сөздің мағынасында.
Квадрицикл мен квадроцикл бір техника немесе сөздің біреуі қате жазылған деп ойласаңыз қателесесіз. Шындап келгенде, бұлар – екі түрлі транспорт құралы.
Квадрицикл дегеніміз – төрт дөңгелекті, ең жоғары жылдамдығы 25 км/сағат, қозғалтқышының қуаты 15 кВт-тан аспайтын, 400 келіге дейін салмақ көтеретін мототранспорт құралы. Былайша айтқанда, бұл – автомобильдің шағын түрі. Кейбірі баламалы энергиямен жүреді. Қалада жүруге арналған транспорт.
Ал квадроцикл – жол талғамайтын мототранспорт. Дөңгелегі төртеу, бірақ шинасы қалың, жалпақ келеді, ішкі қысымы 69 кПа-ға тең. Орындығы мотоциклдікіне ұқсайды. Оған тек бір-ақ адам отыра алады.
Квадрицикл бірнеше адамды, жүкті тасуға арналған жалпы қолданыстағы шағын автомобиль болса, квадроцикл мотоциклдің төрт дөңгелекті, жол талғамайтын түрі. Квадроцикл таза жолы жоқ жермен жүруге арналған.
Енді бұларға берілетін жүргізуші куәлігінің түріне келсек, квадрициклді айдау үшін М, А, В категориялы куәліктерді алу керек. Ал квадроциклге тракторист-машинист куәлігі қажет.
Квадрициклді кәдімгі автокөлік сынды МАИ-ға тіркеуге қойса, квадроциклға самоход машина ретінде төлқұжат алып, Мемлекеттік бақылау комитетіне тіркеуге қойылады.
Сондықтан екі құралдың айырмасы жер мен көктей.