- Негізгі бет
- Техно
- Күн жүйесінен шыққан...
Күн жүйесінен шыққан зонд алғашқы мәлімет жіберді
1977 жылы 20 тамызда NASA тарапынан ғарышқа ұшырылған "Вояджер-2" кеңістіктегі Күн жүйесі шекарасына жақындап қалғандығы және жақын күндері жұлдызаралық кеңістікке шығып кететіні анықталғанын жазған едік.
Күн жүйесінен шығып кеткен “Вояджер-2” зерттеу зонды жұлдызаралық кеңістіктен алғашқы мәліметін жіберді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігі хабарлады.
Қазіргі уақытта аппарат Плутон планетасынан да ұзақта – шамамен 18 миллиард шақырым қашықтықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатыр.
Құрылғы Күннің әсер ету аймағы – плазманың гелиосферадан тыс тығызырақ және салқын болатындығын растады. Сонымен қатар, күн жүйесінен тыс өлімге әкелетін ғарыштық сәулелердің жылдамдығы күрт жоғарылады. Ғалымдар бұрын Күн планеталарды осы сәулеленудің 70 пайызынан қорғайтынын анықтаған.
2018 жыл тамыздың соңында құрылғыдағы детекторлар ғарыш жарығының қуаты артқандығын анықтай бастаған. 2018 жыл 5 қазандағы тексеру нәтижесінен кейін ғалымдар оның шекараға жақындап қалғандығын анықтаған.
Қазіргі уақытта зонд Жер шарынан 18 миллиард қашықтықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен Күн жүйесі тізімінен ұзап бара жатыр. Ғалымдардың есептеуінше, ол Күн жүйесінен шығып кеткеннен кейін 10-20 жыл ішінде Жермен байланысты үзеді. Ары қарай оның хабар жіберуге қуаты жетпейді.
Т. Раушанұлы