Шотландия. Ұлыбританиядағы шағын мемлекет. Адамзат тарихында өшпес із қалдырған көптеген жаңалықтар осы елде дүниеге келген. Атап айтқанда, 1839 жылы шотландиялық темір ұстасы Киркпатрик Макмиллан бүгінде бізге таныс велосипедті ойлап тапты.
• Шотландиялық ветеринар Данлоп 1887 жылы осы велосипедке арналған пневматикалық шиналарды ойлап тапты. Кейінірек ол өзінің жеке компаниясын құрды, ол әлі күнге дейін автокөліктерге арналған шиналарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі.
• Тағы бір шотландиялық Александр Флеминг стенокардия, отит, асқазан-ішек жолдары және басқа да жұқпалы ауруларды емдейтін пенициллинді тапты.
• Химик Чарльз Макинтош адамдар қолданатын су өткізбейтін матаны ойлап тапты, одан тігілген плащтар оның атымен "Макинтош" деп аталды.
• 1856 жылы Джеймс Харрисон компрессормен жұмыс істейтін алғашқы тоңазытқышты жасады.
• Тағы бір шотланд өнертапқышы – Джон Логи Бэрд. Мамандығы инженер, телевизия жасаушылардың бірі. 1924 жылы ол қозғалыстағы адамды көрсететін алғашқы механикалық теледидар жасады. 1928 жылы 3 шілдеде ол алғаш рет толық түсті кескінді экранға шығарды.
• Шағын елдің атын әлемге таратқан ұлы өнертапқыштардың тізімі мұнымен бітпейді. Джеймс Клерк Максвелл шотланд физигі, механик және математигі болғанын бәріміз білеміз. Сіз техникалық институтта Максвелл теңдеуінен өттіңіз бе? Джеймс Максвелл электромагниттік толқындар мен газдардың кинетикалық теориясынан басқа, портативті тұрмыстық заттарды жасаумен де айналысты. Ол 1861 жылы 17 мамырда бүкіл ғылыми қауымға әлемдегі алғашқы түрлі-түсті фотосуретті көрсетті.
• Шотландиялық хирург Джон Хантер хирургияны ғылым ретінде батыл дамытты. Ол оқ жарақаттары мен тіс ауруын зерттеу және емдеу әдістерін жасады. Ол осы уақытқа дейін ешкім нақты пікір айта алмаған ас қорыту механизмін егжей-тегжейлі түсіндірді.
• Шотланд геологы Джеймс Хаттон өзінің "Жер теориясы" атты кітабында алғаш рет Жердің өзегі қайнап жатқан лавадан тұрады, ал лава тау жүйелерінің пайда болуына шақыратын қозғалыс деген гипотезаны алға тартты. Чарльз Дарвинге табиғи сұрыптау идеясын дамытуға түрткі болған Хаттон теориясы болды.
Қозғалқышты ойлап тапқан Джеймс Уатт та шотланд. Оның жаңалығының нәтижесінде кейінірек паровоздар мен параходтар жасалды. Өнертапқыштың аты қуат өлшем бірлігі болды – ваттқа айналды.