WWDC аталатын өнертапқыштардың Бүкіләлемдік конференциясында Мэтт Мосс есімді студент көзбен басқаруға болатын смартфон үлгісін ұсынды. Apple компаниясының шәкіртақысын ұтып алған жас жігіт ARKit 2.0 платформасына тәжірибе жүргізді. Бұл iOS 12-ге арнайы дайындалатын бағдарламаның бета-нұсқасы. Мэтт өзінің твиттердегі парақшасында қызықты видео үзіндімен бөлісті. Онда көзді ашып-жұму арқылы телефондағы түрлі бағдарламалармен жұмыс істеуге болатынын көріге болады. Мен ARKit 2.0 платформасында көзқарасты бақылау мүмкіндігі бар екенін білгеннен кейін, оны тексеріп көрдім. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өте ыңғайлы жоба болмақ,- деді Мосс.