Композитор компьютер

Композитор компьютер
Фото: youtube.com

DADABOTS — кез келген нәрсені өздігінен меңгеретін жасанды сананы Бостон программистері SampleRNN нейрожүйесінің негізінде жасаған. DADABOTS жүйе арқылы түрлі заманауи жанрдағы музыкаларды жазумен айналысады. 

Мысалы, құрастырушылар нейро жүйені блэк-метал жанрында орындайтын Krallice тобының пластинкасы арқылы «қоректендіреді». Альбомдағы барлық трек 8 секундтық бөліктерге бөлінді – оны бағдарламаға тыңдатады, кейін жүйе келесі бөлімін табуы тиіс. Осылайша, өздігінен музыканы меңгеріп алады. Кейін, DADABOTS өзі композиция жаза бастайды.

Т. Есқали