Қоқыс жинайтын ақылды жәшік

Қоқыс жинайтын ақылды жәшік

Өзі туралы мәліметтерді жасыратын жапондық өнертапқыш автоматты түрде іске қосылатын ақылды қоқыс жәшік ойлап тапқан. Жәшік «Smart Trashbox» деп аталады. Құрылысы қарапайым ғана келетін техника қоқыстарды артынан қалмай жүріп өзі жинайды.

Бұл ерекше дарын иелері ақын, жазушылар үшін таптырмас жәшік. Әсіресе, қағазды шимайлап, қоқысқа алыстан лақтыратындар үшін. Оны өзге де адамдар пайдалана алады. Автор жақын уақытта ойлап тапқан бұйымын өндіріске енгізбекші.


Қоқыс жәшігін бүге-шүгесіне дейін FRP мырза өзі ойластырған. Ал алыстан лақтырылған қағаздарды қағып алу үшін Microsoft компаниясының Kinect ойын құрылғысы пайдаланылуда. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай