GoPro камерасы өмірде сирек болатын оқиғалардың тарих бетінде сақталуына өз септігін тигізіп жүр. Адамдар тауға шықса не биіктіктен секірсе, GoPro камерасымен ерліктерін видеоға түсіп, ғаламтор желісіне жолдап, қаһарман атанып жатыр. Ал бүгінгі қаһарманымыз камераның өзі болып отыр.
Швециялық Кристофер Орстадиустің (Kristoffer Örstadius) әкесі Кристианстад қаласынының маңындағы алқаптан GoPro камерасын тауып алыпты. Бұл туралы Кристофер әлеуметтік желіде хабарлаған екен. Ал енді қызық мынада: камераның жад картасында соңғы сақталған видеода оның 3 км биіктіктен құлап түскені белгілі болған. Видео мен ақпарат ғаламторда жария болған кезде, оның иесі табылған екен. Ал камера, сол алқапта, шамамаен, 4 жылдай жатқан. Олай болса, көп созбай, мына видеодан камераның көктен түсіріліген сәтін тамашалаңыздар.
Сурет: img.gawkerassets.com