Киттің дауысын табатын әрі танитын жасанды интеллект құрылғысы шықты. Ғалымдар онымен теңіз түбіндегі жануарлардың дауысын танып, зерттеу жұмыстарына қолданбақ. Әсіресе, киттің мінез-құлқы мен тілін зерттеуге көмектеспек.
Құрылғының атауы – DeepSqueak. Бұл құрылғыны бұрында жарғанаттың тілін тану үшін қолданылған. Соған арнап жасалған алгоритмнің негізінде киттің тілін танитын үлгі жасалған. Енді бұл құрылғыны ғалымдар теңіздің биоакустикасын тануға, соның мәліметтерін жинақтауға қолданбақ. Теңіздің түбі шулы болатыны белгілі. Толқын мен желдің, жан-жануардың үні қабаттасып жатады. Құрылғы соның ішінен киттің үнін табуға көмектеседі.
Жасанды интеллект теңіз жануарларының қай жерде жүргенін, саны қанша, топпен жүр ме әлде жоқ па, бір-бірінен қаншалық алыста – соның бәрін анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылғының көмегі қазірдің өзінде көріне бастады. Жасанды интеллектінің арқасында зерттеушілер Үнді мұхитынан бұрын ғылымда болмаған көк киттің түрін тапты. Жаңа китке "тұмсықты көк кит" деген атау берілді.
Сондай-ақ, ғалымдар құрылғыны пайдалана отырып дөңес кит пен дельфиннің, финвалдың дауысы мен үнін анықтап, бір-бірінен ажыратуды үйренген. Қазір әр жануардың дауысын жазып алып жатыр.