Ким Чен Ынның брондалған пойызы

 Ким Чен Ынның брондалған пойызы
Фото: Vietnam News Agency / AFP

Ким Чен Ынның брондалған пойызбен жүру дәстүрі атасынан қалған. Атасы Ким Ир Сен шетелге пойызбен саяхаттайтын болған. Содан кейін бұл дәстүрді оның әкесі Ким Чен Ир жалғастырды. Ким Чен Ын пойызбен жалпы 334 000 км жол жүрсе, оның 64 000 шақырымын шетелге сапар кезінде жүрген.

© Александр Сафронов/Приморье облысының баспасөз қызметі

1930 жылдары Ким Ир Сен Жапонияға қарсы қозғалыстың қатысушысы болды. Жапондардың қуғын-сүргінінен құтылу үшін 1940 жылы КСРО-ға қашады. 1945 жылы Ким Ир Сен арнайы пойызбен отанына оралды.

© KCNA/KNS/AP Photo

Расталмаған ақпарат бойынша, Ким Ир Сенге КСРО-да брондалған вагон сыйлаған. Оны Солтүстік Корея басшысына Иосиф Сталин берген деседі. Қазіргі уақытта арнайы вагон мұражайда сақтаулы тұр.

Кимсусан Күн мемориалды сарайының (금수산태양궁전, 錦繡山太陽宮殿) мұрағатынан

Ким Ир Сен шетелге брондалған пойыз және Ил-62М ұшағымен баратын болған. Оның ұлы Ким Чен Ын пойызды жақсы көретін және оны "үйі және кеңсесі" деп атаған.

Кимсусан Күн мемориалды сарайының (금수산태양궁전, 錦繡山太陽宮殿) мұрағатынан

Ким Ир Сеннің басты вагоны (суретте) КСРО көшбасшының қабылдау бөлмесіне ұқсайды, ал оның ұлының кеңсесі спутниктік телефондары мен компьютері бар заманауи бөлме сияқты. 2011 жылы Ким Чен Ир елге сапары кезінде пойыз вагонында қайтыс болды.

Кимсусан Күн мемориалды сарайының (금수산태양궁전, 錦繡山太陽宮殿) мұрағатынан

The Guardian газетінің хабарлауынша, Ким Чен Ирде "қабылдау, конференц-залдар және жоғары технологиялық байланыс құралдары бар сәнді" алты пойыз болған. Бірақ ауыр сауыттың арқасында пойыздар сағатына 60 км-ден артық жылдам жүре алмаған.

КХДР-дың қазіргі көшбасшысының қанша бронды пойызы бар екені белгісіз. Басылымның мәліметінше, КХДР жоғары лауазымды шенеуніктерінің қарамағында 90-ға жуық вагон бар. Әке мен бала пойыздарының құрамындағы сыртқы айырмашылық олардың санында ғана. Ким Чен Ир DF0001 нөмірлі пойызбен жиі жүретін. Ким Чен Ын DF0002 пойызымен саяхаттаған.

© KCNA/REUTERS

2018 жылы наурызда Ким Чен Ынның Қытайға сапары кезінде Солтүстік Корея телеарнасы брондалған пойыздың ішін көрсетті. Вагондардың бірі ақ қабырғалармен, ақ  перделермен және қызғылт былғары дивандармен жабдықталған.

Пойыздағы бөлек вагон Ким Чен Ынның бронды лимузиніне арналған. Пойыз толығымен брондалмағанз, тек екі негізгі вагон – қызмет көрсету және жатын вагондары брондалған. Бронды вагонның терезелерінен оқ өтпейді

© EPA-EFE / STR

Мысалы, Ким Чен Ын 2019 жылы 24 сәуірде Владивостокқа 15 вагондық пойызбен келді. Бұл вагондарға мәжіліс залы мен қабылдау залы, банкет залы, КХДР көшбасшысының кабинеті және ұйықтайтын вагондар кіреді.

© Джейсон Ли / REUTERS

Көптеген вагондар заманауи электроникамен, плазмалық экрандармен және ноутбуктермен жабдықталған. Пойыз бортында интернет пен сенімді спутникті байланыс бар. Пойыз сонымен қатар дизельдік электр станциясымен және кондиционер жүйесімен жабдықталған.

Жолға КХДР басшысымен бірге бірқатар қызметшілер де шығады. Олардың арасында даяшылар, аспазшылар, тазалаушылар, оққағарлар, тіпті снайперлер де бар.

Т. Раушанұлы