WhatsApp-та сауалнамаға қатысқаны үшін ақшалай сыйлықтар туралы ақпараттық бюллетень таратылуда. Бұл сілтемеде Disney компаниясы “Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай қазақстандықтарға сыйлықтар береді” деп жазылған. Шын мәнінде мұның бәрі жалған, алаяқтардың ісі.
Іс жүзінде компания мұндай акциялар туралы жарияламаған. Диснейдің ресми сайттарында ақшалай сыйлықтар туралы ақпарат жоқ. Балаларды қорғау күнін тойлау туралы ешқандай хабарландыру және компанияның әлеуметтік желілерінде де сауалнамалар жоқ.
Мұндай жалған хабарламалар таратылуы елімізде бірінші рет емес
Жіберілген сілтемені басу арқылы пайдаланушы қорғалмаған сайтқа кіреді. Сауалнама алаңына кіретін барлық ақпаратты аляқтар көре алады. Кибер-алаяқтықтың бұл түрі “фишинг ” деп аталады. Оның көмегімен шабуылдаушылар жеке деректерге, төлем карталары мен интернет-әмияндар туралы ақпаратқа иелік ете алады, жеке шоттарға және басқа деректерге қол жеткізе алады.
Айта кетейік, АҚШ-та Colonial Pipeline-ға кибер шабуылдан кейін АҚШ-тағы жанармай құны 2014 жылдан кейінгі рекордтық деңгейге жеткен болатын. АҚШ-тың Colonial Pipeline компаниясы хакерлік шабуылдан кейін жұмысын тоқтатқан компьютерлік желіні қалпына келтіру үшін хакерлерге шамамен 5 миллион доллар төлеген.