- Негізгі бет
- Техно
- Кейінгі бес жыл...
Кейінгі бес жыл ішінде электроника қалдықтарының мөлшері әлем халқына қарағанда үш есе тез өсті
2019 жылы қоқысқа 53,6 миллион тонна компьютерлер, ноутбуктер, электрондық ойын құрылғылары, ұялы телефондар, теледидарлар, тоңазытқыштар және тұрмыстық электр құрылғыларының басқа түрлері тасталған. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда 21 пайызға өсті.
Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) әлемде электроника қалдықтарының өсуі туралы есеп жариялады. Одақтың мәліметінше, 2030 жылға қарай электрон қалдықтарының көлемі 74 миллион тоннаға жетеді.
Жалпы, тұрмыстық қалдықтардағы электрониканың үлесі ең үлкен. Ескісін жөндеуден гөрі жаңасын сатып алу арзанырақ.
"Кейінгі бес жыл ішінде электроника қалдықтарының мөлшері әлем халқына қарағанда үш есе тез өсті және әлемдегі жалпы ішкі өнімнен 13 пайызға жылдам", - дейді Халықаралық электр байланысы одағының мүшесі Дорин Богдан-Мартин.
Ол электронды қалдықтар төртінші өнеркәсіптік революцияның өнімі екенін айтты.
Кеңес сарапшылары электрон қалдықтары қоршаған орта мен адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді дейді. Мұндай қалдықтардың құрамында көптеген улы және қауіпті элементтер бар, әсіресе сынап, олар адам миы мен жүйке жүйесіне теріс әсер етеді.
Бүгінгі таңда электроника қалдықтарының тек 17,4 пайызы ғана адамдар үшін қауіпсіз жағдайда ресми түрде қайта өңделеді. Қалғандары қоқысқа тасталады. Қалдық электроникада алтын, күміс, мыс және платина сияқты бағалы металдар бар. Қоқысқа тасталған қымбат металдардың жалпы құны 57 миллиард доллар – бұл көптеген елдердің жылдық ЖІӨ-нен көп.
"Әлемнің көптеген елдерінде жинақталған электрониканың мөлшері қауіпсіз шығарылатын қалдықтардан әлдеқайда көп", - дейді БҰҰ Ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Никсель Сет.
2019 жылы электрониканың ең көп үлесі Азия елдеріне тиесілі (24,9 млн. тонна), Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы оның үлесі 13,1 млн. тонна болса, Еуропадағы үлес 12 млн тонна.
Африка мен Мұхиттың салыстырмалы кедей елдерінде олардың үлесі сәйкесінше 2,9 млн тонна және 0,7 млн тоннаға тең.
Т. Раушанұлы