Кеңсеге бармай-ақ айналысатын кәсіптер

Күнде кеңсеге барып тапжылмай отыру, жұмысқа баратын жолдың кептелісі кез келген адамды жалықтырып жіберетіндігі анық. Бірақ кеңсеге бармай-ақ жұмыс істеп, ешкімнен кем емес ақша табуға болады. Бұл сіздің таңдауыңызға байланысты. Біз сондай мамандықтардың бірнешеуін тілге тиек етеміз.

Веб-бағдарламашы
©Chinabrands.com

Міндеті: компания сайтын құру және оны қолдап отыру

Веб-бағдарламашы кәсібі ешқашан ескірмейді. Себебі адамзат жаратқан өнеркәсіптің барлығы онлайн тізімге көшіп жатыр. Бар болған жобаларды бақылау және жаңасын ойлап табу қызықты ғана емес, сізге үлкен табыс алып келетін кәсіп түрі. Бұл саладағы тәжірибелі маманның айлығы да соған жараса – веб-бағдарламашыларға төленетін ақы өте жоғары.

Аудармашы
©kfkronenberg.com

Міндеті: аударма жасау

Аудармашылық өміріңді арнайтын қызығы мен шыжығы мол кәсіп. Орыстар бекерге аударама жасауды «тозақ жұмысы» (адский труд) деп атамаса керек. Талапқа жауап беретін маман болу үшін үнемі шеберлігіңізді арттырып отыру керек. Біз сөздің дұрыс аудармасын іздеп қаншама кітап ақтаруыңыз да мүмкін. Ал тәжірибелі маманға айналған аудармаышыға кеңсе де еңбек ақы көлемі де қызық емес болып қалады. Себебі сұранысқа ие аудармашылар қай жерде болса да жұмыс істей береді және соған сай табыс табады.

Жазушы
©diary.ru

Міндеті: шығарма жазу

Қазір жазушылық та маркетингке айналып кетті. Ел аузында жүрген Пауло Коэльо, Марк Леви,Николас Спаркс, Дэн Браун, Джоан Роулинг сынды заманауи жазушылар тек жазумен ғана мултимиллионерге айналып отыр.

Иллюстратор
©AliveSto.ru

Міндеті: бірнеше тәсілде сыза алу

Қазір әлемде иллюстраторларға деген сұраныс күн сайын артып барады. Біз күнделікті көріп жүрген көшедегі жарнама, интернеттегі түрлі сайттардың бет-бейнесі, телеарналардағы аралық жарнамалар, анимациялық роликтер, түрлі кітаптар мен газет-журналдардың беттері мен мұқабалары, мультфильмдер мен комикстердің дүниеге келуінің барлығын графикалық дизайн саласы қамтиды.

Дизайнер
©art-veranda.ru

Міндеті: тапсырыс берушінің талғамына сәйкес дизайн жасау

Бұл кәсіпті игеретіндер үшін ең алдымен қиалдау қабілеті жақсы дамығандығы талап етіледі. Бүгінде дизайнер тек қана шеберлікпен шектелмейді. Нарықтағы бәсекелестіктің күштілігі сонша, дизайнер бірнеше кәсіптен хабардар болуы керек. Мұның бәрі кәсіпқой дизайнердің жалақысының қаншалықты өсуіне әсер етеді.